Баян Алагөзова "Қайратқа" сыйлық жасаған күйеуі туралы айтып, мақтанды (ФОТО)

Баян Алагөзова "Қайратқа" сыйлық жасаған күйеуі туралы айтып, мақтанды (ФОТО)

фото: әлеуметтік желіден

Продюсер Баян Алагөзованың күйеуі, кәсіпкер Тұрсын Алагөзов "Қайрат" футбол клубына ерекше сый жасады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бұған дейін, 20 қыркүйекте, Тұрсын Алагөзов "Қайрат" футболшылары мадридтік "Реалды" жеңсе, әр ойыншыға көлік сыйлайтынын айтқан еді. Алайда сол ойында алматылықтар жеңіліп қалған.

Осыған байланысты "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин пікір білдіріп, футбол – командалық ойын екенін еске салған.

"Жекелеген ойыншыларға көлік сыйлағаннан гөрі бүкіл командаға ортақ сыйлық жасаған дұрыс еді. Мысалы, автобус сияқты", – деген болатын ол.

Сөйтіп, дәл солай болды – кәсіпкер командаға екі жаңа автобус сыйлады. Бұл туралы қуанышты жаңалықты Баян Алагөзованың өзі Instagram парақшасында бөлісті.