фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images. Суретте: Шавкат Рахмонов
DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновтың "жарақаты асқынып, енді турнирлерге қатыспайды" деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп Sportinside.kz тілшісі Betonmobile порталына сілтеме жасап хабарлайды.
"Шавкаттың жарақаты қайта асқыныпты деген әңгіме – жалған. Сол сияқты, оның UFC-ге орала алмайтыны туралы тараған хабар да өсек. Біздің команда ондай ақпараттан бейхабар. Қазір жаттығып жүрміз, біртіндеп қалпына келіп, қайтуға дайындалып жатырмыз. Мұндай қауесеттер қайдан шығатынын өзім де түсінбеймін", – деді Базров.
Эдуард Базровтың айтуынша, Шавкат Рахмонов келесі жылдың басында октагонға оралуды жоспарлап отыр. Қарсыласының есімі әзірге белгісіз, алайда бапкердің пікірінше, Шавкатқа Белал Мухаммад пен Иен Гэрридің жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесу ұсынылуы әбден мүмкін. Бұл айқас 22 қарашада Катарда өтетін UFC турнирінде ұйымдастырылмақ.