Күтпеген жаңалық! Әбиба Әбужақыноваға қатысты сұмдық хабар тарады

Күтпеген жаңалық! Әбиба Әбужақыноваға қатысты сұмдық хабар тарады

фото: Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Әбиба Әбужақынова

Қазақ дзюдошысы Әбиба Әбужақынова өзінің кәсіби мансабына байланысты алған жарақаттары туралы айтып өтті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Менің өмірім көпшілік ойлағандай қарапайым болған жоқ. Кейде еңбегімнің бағаланбай жатқанына қынжыламын. Әлеуметтік желідегі пікірлерге мән бермеуге кеңес береді, бірақ олар сенің жарақаттан кейін айлап орныңнан тұра алмай жүргеніңді білмейді. Иығымды шығарып алдым, тізем жиі шығып кетеді. Әрине, бұл менің жұмысым, бірақ мұны бәрі түсіне бермейді", – деді Әбиба Әбужақынова.

Айта кетсек, Әбужақынованың жетістіктері аз емес: ол 2025 жылы Будапештте өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2024 жылы Абу-Дабиде және 2022 жылы Ташкентте өткен әлем біріншіліктерінің қола жүлдегері атанған.

Сонымен қатар, Әбиба Әбужақынова 48 келі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингтің көшбасшысы атанған болатын.