фото: Қазақстан теннис федерациясы. Суретте: Заңғар Нұрланұлы
Оңтүстік Кореяның Вонджу қаласында өткен беделді ITF Juniors J300 турнирінде қазақстандық жас теннисші Заңғар Нұрланұлы топ жарып, Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Финалда Заңғар Қытай Тайбэйінің өкілі Куан Чеу Ченмен кездесіп, матчты 6:2, 6:1 есебімен сенімді түрде аяқтады. Бұл жеңіс Нұрланұлының жеке есептегі жетінші титулы болды.
Соңғы айларда керемет форма көрсетіп жүрген жас спортшы осымен қатарынан екінші турнирде жеңіске жетіп, өзінің 11 матчтық жеңіс сериясын жалғастырды.