Өзбек бапкері Головкин туралы қуанышты хабарды айтып, сүйінші сұрады

Өзбек бапкері Головкин туралы қуанышты хабарды айтып, сүйінші сұрады

фото: olympic.kz. Суретте: Геннадий Головкин

Өзбекстан, Беларусь және Жапония ұлттық бокс құрамаларын жаттықтырған белгілі маман Владимир Шин қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің Халықаралық бокс Даңқ залына (International Boxing Hall of Fame) ұсынылуына қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Головкиннің номинацияға енуіне толықтай қуаныштымын. Мен бұл шешімді қос қолдап қолдаймын – ол бұған әбден лайық. Ал Қазақстанның бұл тұрғыда Өзбекстаннан бір қадам алда болғаны реніш тудыра ма дегенге келсек, оның да өз уақыты келеді. Бізде әзірге Даңқ залына үміткер бола алатындай деңгейдегі боксшылар болған жоқ", – деді Шин Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, Геннадий Головкиннің Халықаралық бокс Даңқ залына үміткер атанғаны 2 қазанда белгілі болды. Дауыс беру қорытындысы 1 желтоқсанда жарияланбақ. Бұл процеске АҚШ, Жапония, Англия, Канада, Аргентина, Австралия, Нидерланд, Германия және Мексика елдерінің спорт журналистері мен бокс тарихшылары қатысады.