Шавкат Рахмонов еліміздегі ең бай адамның бірімен "төбелесті" (ФОТО)

Шавкат Рахмонов еліміздегі ең бай адамның бірімен "төбелесті" (ФОТО)

фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық кәсіпкер Алидар Өтемұратов UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновпен бірлескен жаттығудан видеожазба бөлісті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Кәсіпкер өз Instagram парақшасында Dar Team командасының спортшыларымен бірге жаттығу сәтінен бейнежазба жариялаған. Кадрлардың бірінде Шавкат Рахмонов спарринг арасындағы үзіліс кезінде Өтемұратовқа қол қимылдары арқылы кейбір айла-тәсілдерді түсіндіріп жатқанын көруге болады.

"Шавкат кеңес беріп жатыр", – деп жазды Алидар Өтемұратов жазба сипаттамасында.

Айта кетейік, Алидар Өтемұратов –Dar Team спорт клубының негізін қалаушы және Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша еліміздің ең бай 75 адамының қатарына кіреді. Тізімде ол 59-орында, ал оның байлығы 161 миллион АҚШ долларына бағаланған.