Тулкин Киличев "өзбек боксшыларының үрейіне" айналған қазақ жігітіне үн қатты (ФОТО)

Тулкин Киличев "өзбек боксшыларының үрейіне" айналған қазақ жігітіне үн қатты (ФОТО)

фото: ашық дереккөзден. Суретте: Тулкин Киличев

Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев әлеуметтік желіде жазба жариялап, Қазақстанның белгілі былғары қолғап шебері Асланбек Шымбергеновті туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Туған күніңмен!" – деп жазды Киличев Instagram парақшасында.

Асланбек Шымбергенов өзбек боксшыларымен болған кездесулерде ешқашан жеңіліп көрмеген санаулы қазақ спортшыларының бірі. Осы себепті ол жанкүйерлер арасында "өзбек боксшыларының үрейі" деген бейресми атқа ие болған.

Бұл атауды бекіткен сәттердің бірі – 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарының ширек финалындағы жекпе-жек. Сол кездесуде Шымбергенов алғашқы екі раундта ұтылып жатып, соңғы раундта керемет камбэк жасап, 2025 жылғы әлем чемпионы, өзбек боксшысы Асадхужа Муйдинхуджаевты нокаутқа түсіріп, жеңген еді.

Айта кетейік, бұған дейін Асланбек Шымбергенов Қазақстан құрамасынан кеткен болатын. Алайда жуырда ол қайта оралып, Қазақстан чемпионатына қатысуға ниетті екенін мәлімдеді.