Шерхан Қалмұрза өзінен екі жас үлкен сүйіктісінің арманын орындады (ВИДЕО)

Шерхан Қалмұрза өзінен екі жас үлкен сүйіктісінің арманын орындады (ВИДЕО)

фото: zakon.kz коллажы

"Қайрат" футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмұрзаның сүйіктісі ерекше видеомен бөлісіп, өз арманының орындалғанын қуанышпен хабарлады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Белгілі футболшы Самат Смақовтың қызы, бүгінде Шерханның сүйіктісі ретінде танылған Самира Смақова әлеуметтік желіде ерекше естелік видеосын жариялады.

Madenietportal.kz сайтының жазуынша, бейнероликте Самира өткен жылы, яғни 2024 жылы жазған арманының орындалғанын көрсеткен. Ол сол кезде арман-мақсаттар тізіміне:

"Орталық стадионның қақпасында Шерханның ойынын көру", – деп жазып қойған екен.

Арада бір жыл өткен соң бұл арманы шындыққа айналды – Самира дәл сол Алматыдағы Орталық стадионда сүйіктісінің ойынын тамашалап, сол сәтті видео арқылы бөлісті.