фото: ашық дереккөзден
Сиднейдің маңында атыс болып, оның салдарынан бұрынғы UFC жауынгері Суман Мохтарян көз жұмды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Оқиға 8 қазан күні болған. Полиция қызметкерлері атыс туралы хабар алған соң оқиға орнына жеткен. Олар Суманның денесі бірнеше оқ тиген күйінде тапқан. Дәрігерлер барынша көмек көрсетуге тырысқанымен, спортшы есін жимастан сол жерде жан тәсілім еткен.
Мохтарянның қазасын оның туыстары мен достары растады. Полиция бұл оқиғаның қасақана жасалған шабуыл екенін мәлімдеп, тергеу жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін де Суманға қастандық жасалған еді. 2024 жылдың ақпанында өзін тамақ жеткізуші ретінде таныстырған адам спорт залдың жанында оған бірнеше рет оқ атқан. Сол кезде спортшы аман қалған болатын.
Мохтарян UFC-де 2018 және 2019 жылдары екі жекпе-жек өткізген. Екеуінде де ол жартылай жеңіл салмақта жеңілген.