Сүйінші, ағайын! Айгүл Иманбаева асыға күткен қуанышын жеткізді (ФОТО)

Сүйінші, ағайын! Айгүл Иманбаева асыға күткен қуанышын жеткізді (ФОТО)

фото: ашық дереккөзден

Белгілі әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті.

Өнер иесі немересінің дүниеге келгенін айтып, жұрттан сүйінші сұрады:

"Сүйінші, достар! Қоснемеренің әжесі болдым. Айсұлу, Айсұлтан. Жаратқанға сансыз мадақ! Айсұлтан Асылжанұлы", – деп жазды Айгүл Иманбаева.

Желі қолданушылары сүйікті өнерпазды жылы лебіздерімен құттықтап, тілектерін арнады.

"Немереңіздің бауы берік болсын", "Айгүл ханым, екі дүркін әже болдыңыз – құтты болсын", "Балапанның ғұмыры ұзақ, өмірі бақытты болсын", – деп жазды желі қолданушылары.

Admin
Admin
Автор