фото: ашық дереккөзден
Танымал айтыскер ақын Оразалы Досбосыновтың ұлы әлеуметтік желіде жаңа жазба жариялады.
"Жара алған жүрек тігісін көрсетпесе де, әр соғысы – сыр", – деп жазды Нұрсұлтан Досбосынов.
Оразалы Досбосынов 1975 жылғы 15 қарашада Алматы облысы Райымбек ауданының Тегістік ауылында дүниеге келген. Айтыс өнерінің дүлдүлі небәрі 29 жасында өмірден өтті.
Ақынның анасы естелігінде, Оразалының әкесі үш ағайынды болғанын айтады: Жарылқасын, Қасым және Оразалы. Жарылқасынның туған ағасы Оразалы Қытайдың Текес өңірінде ақын әрі жыршы болыпты. Өнер жолында жүріп, одан кейін хабарсыз кеткен. Сол ағасының есімі ұмытылып қалмасын деген ниетпен Жарылқасын ұлына Оразалы атын қойған екен.
Айтыс сахнасында өзіндік ерекше мақамымен және жаңашылдық қырымен танылған Оразалы Досбосынов көзі тірісінде "Құлмамбеттің құлыны" деген атқа ие болған.
Алматы облысы Шонжы ауылынан қайтып келе жатқан жолында көлік апатына ұшыраған ақын 30 жасқа толар шағында өмірден өтті. Одан екі жыл өткен соң, 2011 жылы, оның жары Ажар Түзелбекқызы да жол апатынан қаза тапты. Арттарында Нұрайша есімді қызы мен Нұрсұлтан есімді ұлы қалды.