Асыға күткен қуаныш! Елдос Сметов сүйінші хабарын жеткізді (ВИДЕО)

Асыға күткен қуаныш! Елдос Сметов сүйінші хабарын жеткізді (ВИДЕО)

фото: olympic.kz. Суретте: Елдос Сметов

Олимпиада чемпионы, танымал дзюдошы Елдос Сметов туған ағасына қымбат көлік тарту етті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Спортшы бұл қуанышты сәтті өз парақшасында жариялап, ағасына деген алғысын білдірді.

Желі қолданушылары Елдостың бұл әрекетіне риза болып, жылы пікірлерін қалдырды.

"Біздің балалар да осындай бауырмал болсын", "Көлігіңіз құтты болсын, тек жақсы күндерде айдаңыз", "Елдос нағыз мәрт жігіт, қолына түскен жақсылықты бөлісіп жүреді", – деп жазды оқырмандар.