"Кетемін": Роналду мансабы жайлы ел күтпеген шешім қабылдады

"Кетемін": Роналду мансабы жайлы ел күтпеген шешім қабылдады

фото: Yasser Bakhsh/Getty Images. Суретте: Криштиану Роналду

Атақты футболшы Криштиану Роналду әлі бірнеше жыл ойнауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Алайда оның жақындары спорттан кетуін сұрап жүргенін айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Әл-Наср" клубының шабуылшысы португалиялық A Bola басылымына берген сұхбатында былай деді:

"Көп адам, соның ішінде отбасым да маған: 1Енді тоқтайтын уақыт келді. Сен бәріне қол жеткіздің. Неге әлі де мың гол соғу керек?" – дейді. Бірақ мен бұлай ойламаймын. Мен әлі де пайда тигізіп, командам мен ұлттық құрамама көмектесіп жүрмін. Сол себепті неге жалғастырмасқа? Барлығы аяқталған кезде мен өз-өзіме риза боламын, өйткені мен барымды салдым".

Футболшы өз мансабының соңғы кезеңіне жақындап қалғанын түсінетінін де мойындады:

"Мен енді көп жыл ойнамайтынымды білемін. Бірақ қолымда бар аз уақытты барынша ләззатпен өткізуге тырысамын", – деді Роналду.

Айта кетсек, жақында Криштиану Роналду ұлттық құрама сапындағы ең көп гол соққан ойыншы ретіндегі жеке рекордын (141 гол) жаңартқан болатын. Сондай-ақ ол әлем чемпионатының іріктеу кезеңдерінде ең көп гол соққан футболшы атанған гватемалалық Карлос Руиспен (39 гол) теңесті.