Блогердің күйеуін ұлттық құрамаға неліктен шақырды? Бас бапкер жауап берді

Бүгін, 10:30 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов "Жетісу" қорғаушысы Дінмұхаммед Қашкеннің құрамаға шақырылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бапкердің айтуынша, Қашкенде ұлттық құрамада ойнауға қажет барлық қасиет бар.

"Орталық қорғаушылар мәселесі туындаған кезде тез шешім қабылдау керек болды. Маған Қазақстан Премьер-лигасындағы барлық ойыншы бойынша кең көлемді деректер базасы ұсынылды, шынымды айтсам – жағымды әсер алдым. Қазір Федерацияда жаңа жүйе қалыптасқан: ойыншылардың кең базасы бар, сол жерден кеңейтілген, негізгі және резервтік тізімдер жасалады. Мұндай тәжірибе бізде бұрын болған жоқ. Скаутинг бөлімі қазір өте егжей-тегжейлі жұмыс істейді. Бұны мен жастар құрамасымен ментор ретінде жұмыс істеген кезде де байқадым – әр кандидатура мұқият талқыланып, дәлелденеді. Енді бапкерлердің қолында әр футболшыға қатысты толық деректер бар: ойын және физикалық көрсеткіштер, техникалық-тактикалық талдау. Дінмұхаммед Қашкеннің кандидатурасы ұсынылғанда, барлық дерек оның пайдасына болды – техникасы, тактикасы, жас ерекшелігі мен модельдік сипаттамалары толық сәйкес келеді. Бұл – бәрі үйлескен жағдай", – деді Байсуфинов.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында екі матч өткізеді:

10 қазан күні – Лихтенштейнге қарсы, 13 қазан күні – Солтүстік Македонияға қарсы ойнайды.

Биылғы маусымда 25 жастағы қорғаушы Дінмұхаммед Қашкен Қазақстан Премьер-лигасында "Ұлытау" сапында 5 матч, ал "Жетісу" құрамында 7 ойын өткізген.

Тэгтер:

футбол Жетісу Дінмұхаммед Қашкен