фото: instagram.com/abilovva_m
Талдықорғандық "Жетісу" командасының қорғаушысы Дінмұхаммед Қашкен 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы ойындарға Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Биылғы маусымда Қашкен "Жетісу" сапында 11 матчқа қатысып, 1 гол соғып және 5 сары қағаз алған. Өткен демалыс күндері ол алматылық "Қайратқа" қарсы толық матч өткізді, алайда ойын 0:5 есебімен аяқталған еді.
Қорғаушы Қашкенмен бірге құраманың соңғы тізіміне тағы екі ойыншы – Сағи Совет ("Жеңіс") пен Арсен Әшірбек ("Оқжетпес") енгізілді. Айта кетерлігі, бұл үш футболшы да бұған дейінгі кеңейтілген тізімде болмаған.
Сонымен қатар, ұлттық құраманың қазіргі шақырылымында "Қайраттың" тек бір ғана ойыншысы – Дамир Қасаболат бар. Ол да өз клубының негізгі құрамында тұрақты түрде шықпайды.