Тосын хабар! Бақыт Сәрсекбаевқа шетелден үлкен ұсыныс түсті

Тосын хабар! Бақыт Сәрсекбаевқа шетелден үлкен ұсыныс түсті

фото: Қазақстан бокс федерациясы. Суретте: Нұрзат Оңғарұлы мен Бақыт Сәрсекбаев

Англиялық бокс сарапшысы Мэтт Робинсон 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаевпен болған сұхбатын еске алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Менің парақшамды бұрыннан оқитындар – мейлі ол Қазақстанның ең үздік 20 боксшысы туралы тізімім болсын, мейлі жақында Қазақстанға барған сапарым болсын – барлығы менің қазақ бокс мектебін қаншалықты жоғары бағалайтынымды біледі. Ал менің ол жақтағы ең сүйікті боксшыларымның бірі – Бақыт Сәрсекбаев. Астанаға барған сапарымда Бақыт Сәрсекбаевпен сөйлесудің сәті түсті. Біз оның мансабы, әсіресе 2003 және 2007 жылдардағы әлем чемпионаттарына қатысуы туралы талқыладық. Шынын айтқанда, мұндай деңгейдегі талантты боксшының әлем чемпионаттарында бірде-бір медаль иеленбеуі, тіпті алтынсыз қалуы — сенгісіз жайт, — деп жазды сарапшы өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан құрамасының 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бокстан аға жаттықтырушысы қызметін атқарады. Ол ұлттық команданың негізгі құрамына қосылатын жаңа буынды дайындауға атсалысып жүр.