фото: ашық дереккөзден
"Қайрат" футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрза Чемпиондар лигасындағы жарқын ойынымен ел назарын аудартқан соң, жанкүйерлердің көп бөлігі футболшының анасы Сәуле Рабаева туралы да түрлі ақпарат тарата бастады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Жас қақпашы алматылық клубтың қақпасын Лиссабонның "Спортингіне" және Мадридтің "Реалына" қарсы ойындарда қорғаған сәтте, Сәуле ұлын бар ынтасын салып, әрі стадион трибуналарынан, әрі әлеуметтік желілерде қолдап отырды.
Сол кезден бастап оның Instagram-дағы парақшасы нағыз ақпараттық толқын тудырды. Бірнеше күннің ішінде Сәуленің әлеуметтік желідегі парақшасына 40 мыңға жуық адам жазылған.
Пікірлер астында желі қолданушылары таңданысын жасыра алмады.
"Мұндай рухты чемпионды осындай әдемі әйел ғана тәрбиелей алады!", "Қалмұрза, бұл сіздің анаңыз ба? Өте жас әрі сұлу екен!", "Бұл сіздің ұлыңыз ба? Мен сізді оның сүйіктісі деп ойлаппын, сондай көрікті екенсіз!", – деп жазды желі қолданушылары.
Сәуле Рабаеваның парақшасында кастингтер мен түсірілімдерден, түрлі тележобалардан алынған көптеген сурет бар. Бұл тегін емес – ол продюсер және медиа саласында белсенді жұмыс істейді.