Қаралы хабар: Елге танымал спортшы мезгілсіз дүниеден озды (ФОТО)

Қаралы хабар: Елге танымал спортшы мезгілсіз дүниеден озды (ФОТО)

фото: ашық дереккөзден

Украиналық көркем гимнастика шебері Елизавета Хоровинкина 20 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Біз Лизаны жарқын да мейірімді, шынайы жан ретінде есте сақтаймыз. Ол әрқашан айналасына жылулық пен шабыт сыйлайтын. Елизавета тек үздік студент емес, сондай-ақ өз ісіне адал, еңбекқор спортшы еді... Оның өмірге деген құлшынысы мен гимнастикаға деген махаббаты әр қимылынан, әр сөзінен, әр күлкісінен сезілетін. Лизонька, сен біздің жүрегімізде мәңгі қаласың! Сен ақылдылықтың, сұлулықтың және өмірге деген сүйіспеншіліктің символы ретінде жадымызда жатталдың. Туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз", – делінген Украина Ұлттық дене тәрбиесі және спорт университетінің ресми хабарламасында.

Айта кетейік, Елизавета Хоровинкина көркем гимнастикамен белсенді айналысып, 2021 жылы спорт шебері атағын алған болатын.