фото: Фото ашық дереккөзден
Маусым айының ортасында әлеуметтік желілерде Қаржаубай Нұрымовтың бір топ азамат тарапынан соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады. Алайда бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын оның қорғаушысы ресми түрде мәлімдеді.
Қаржаубай Нұрымовтың заңгері Мейірман Шекеев Instagram желісіндегі парақшасында көпшілікті алаңдатқан ақпараттың жалған екенін нақтылап айтты.
«Аллаға шүкір! Қаржаубай дін аман. Оның денсаулығына ешкім зиян келтірмеді. Қаржаубайда барлығы жақсы. Алаңдамаңыздар! Алаңдаушылық білдіріп жатқандарыңызға рақмет!» – деп жазды ол өз парақшасында.
Жалған ақпарат қалай тарады?
Бастапқыда Telegram және Instagram желілерінде «Қаржаубайды хуторлық жігіттер ұрып, ауруханаға түсіріпті» деген сипаттағы мәліметтер тарап кетті. Бұл ақпарат ел арасында тез таралып, жұртты алаңдата бастады.
Дегенмен, жақындары мен заңгері тарапынан жасалған ресми мәлімдеме бұл қауесетті жоққа шығарды.