Шерхан Қалмұрзаның анасы мен сүйіктісіне ресейліктер көз тіге бастады

Шерхан Қалмұрзаның анасы мен сүйіктісіне ресейліктер көз тіге бастады

фото: ашық дереккөзден

Ресейлік спорт инсайдері Иван Карпов "Қайрат" қақпашысы Шерхан Қалмұрзаның анасы мен сүйіктісінің танымалдығы күрт артқаны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Қайраттың" қақпашысы Қалмұрзаның анасы Instagram желісінде 40 мың жазылушы жинады. Бұған себеп – жанкүйерлердің Сәуле Рабаеваның 18 жастағы қақпашының анасы екеніне сене алмауы. "Реалға" қарсы ойындағы ерлігі үшін сыйлыққа көлік алған Шерхан әлеуметтік желіде анасын белгілегеннен кейін, кейбір жанкүйерлер оны қарындасы деп ойласа, басқалары суретке қарап, "бұл қыз 20 жаста шығар" деген пікір қалдырды", – деп жазады инсайдер.

Интриганың шетін Сәуле Рабаеваның өзі ашқан. Ол ұлына арналған жазбасында:

"Сен – менің мақтанышымсың, ұлым! Қолыңнан келгеннің бәрін жасадың!" – деп жазған.

Бұл жазбадан кейін желі қолданушылары таңданысын жасыра алмай, "Керемет!", "Сенбейміз!", "Ғажап!" деген пікірлер қалдырған. Соның нәтижесінде Сәуле Рабаеваның парақшасындағы жазылушылар саны бірнеше күннің ішінде 40 мыңға жуықтады.

Кейін Сәуле Рабаева ұлының жарты жыл бұрын Қазақстан құрамасының экс-капитаны Самат Смақовтың қызымен кездесіп жүргенін, әрі қыздың Шерханнан екі жас үлкен екенін де ашық айтқан. Сарапшылардың пікірінше, енді Шерханның сүйіктісі де әлеуметтік желіде танымал бола түспек.

"Егер "Қайраттың" негізгі екі қақпашысы жарақат алып қалмағанда, мұндай оқиға болмас еді", – деп түйіндейді Иван Карпов.

Айта кетейік, Шерхан Қалмұрза Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өту барысында "Қайраттың" негізгі қақпашысына айналып, нағыз сенсация тудырған. Қазір оның Instagram парақшасында 320 мыңнан астам жазылушы бар – бұл оны Қазақстандағы ең танымал футболшыға айналдырды.