Назым Қызайбай елден кетіп, Олимпиада чемпионымен жаттығып жүр (ФОТО)

Назым Қызайбай елден кетіп, Олимпиада чемпионымен жаттығып жүр (ФОТО)

фото: Richard Pelham/Getty Images. Суретте: Назым Қызайбай

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Назым Қызайбай әлеуметтік желіде жаңа жазбасын бөлісті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Спортшы Түркияның Олимпиада чемпионы Бусеназ Сюрменелимен бірге жаттығу залында түскен суретін жариялаған. Қыздар қазір Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласында демалып жүр.

"Егер жаттығу болмаса, демалыс – демалыс емес. Әдет емес, өмір салты", – деп жазды Назым Қызайбай Instagram желісіндегі сторисінде.

Айта кетейік, Назым Қызайбай – Қазақстан тарихындағы ең табысты боксшылардың бірі. Оның жетістіктерінің қатарында 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола медалі және әлем чемпионаттарындағы үш алтын жүлде бар.

Ал оның серіктесі Бусеназ Сюрменели де әлемдік деңгейдегі мықты спортшы. Түркия өкілі әлем чемпионы атағын үш рет, сондай-ақ 2020 жылғы Токио Олимпиадасының және 2024 жылғы Белградта өткен Еуропа чемпионатының алтын медалін жеңіп алған.