фото: pixabay.com
Әзербайжанда өткен ТМД елдерінің ойындарында бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы алтын медаль жеңе алмады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Жарыс қорытындысы бойынша қазақ боксшылары бір күміс және екі қола жүлде иеленді.
52 келі салмақ дәрежесінде Едіге Нұрқожа финалда әзербайжандық Әли Абаслиге 2:3 есебімен есе жіберіп, күміс медальмен шектелді.
Ал Қорғанбек Балтин (48 кг) пен Жалғас Апбас (54 кг) турнирдің қола жүлдегерлері атанды.
Айта кетейік, бір күн бұрын әйелдер арасындағы финалдық жекпе-жектер өтіп, Қазақстан әйелдер құрамасы тамаша нәтижеге қол жеткізген еді.
60 келіде Жасмин Абрамян, 66 келіде Диляра Тұрсынбек алтын медаль жеңіп алды.
Сондай-ақ әйелдер құрамасы бес қола медаль иеленді. Олардың қатарында – Асылай Мұрат (48 кг), Аружан Тілеубай (52 кг), Аделаида Садвақасова (54 кг), Балым Ғабитқызы (57 кг) және Мадина Нұрманова (63 кг) бар.