фото: pixabay.com
Англияның жартылай кәсіби «Hashtag United» футбол клубының ойыншысы Раман Сидху 22 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Мәліметке сүйенсек, инклюзивті командада ойнаған Раман Сидху ойынға шығар алдында жүрегі тоқтап қалған.
"Төтенше жағдай қызметкерлері екі сағаттан астам уақыт бойы жанын салып көмек көрсеткеніне қарамастан, өкінішке қарай, Раманның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Біз оның отбасына және командадағы жолдастарына шын жүректен көңіл айтамыз", – делінген ресми хабарламада.
Клубтың барлық командасы Раман Сидхудың рухына арнап бір минут үнсіздік жариялайды.
