фото: ашық дереккөзден
Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевтың ашық сұхбатынан кейін желіде түрлі әңгімелер тарады. Мұсаевтың сөзінен соң жұрт Дариғаның жеке өмірін қызу талқылай бастады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Кейбір желі қолданушылары актрисаны әріптесі Олжас Абаймен байланыстырған. Осыған орай, Олжас Абай тікелей эфирде бұл тақырыпқа қатысты қысқаша пікір білдірді.
"Дариға сізден үлкен ғой дейді. Иә, Дариға 1985 жылғы болса, мен 1989 жылғымен", – деді актер Олжас Абай тікелей эфирде.
Алайда бұл пікір оның жеке өміріне қызығушылықты одан сайын арттыра түскен сияқты. Олжас Абайдың соңғы жазбаларының астында оқырмандар түрлі пікірлер қалдырды.
"Дариғаның қай жеріне қызығып жүрсің", "Жарайсың, Дариғаны ана кісіден құтқарыпсың", "Бажаңды жаман ренжітіп жүрсің", "Талғамыңа сөз жоқ екен", – деді желі қолданушылары.