фото: ozgeris.info
Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында бұрынғы отбасылық өміріне қатысты ашық айтты.
"Мен бір-ақ нәрсені кешірмеймін. 2023 жыл. "Хотя бы кино-2" Таиландта түсірілді. Ол сол фильмге түсуге кетті. Сол кинодан кейін бір нәрсені сезе бастадым, бірақ білдіртпедім. Келді де, "Ойбай, Олжас деген керемет адам екен. Оған көмектесейік. Біз өнерде пиарный ходты дұрыс пайдаланайық. Оны емдетейік. Қазір қанша актермен серіктес болдым. Енді мен Олжаспен партнер болсам, бізде танымалдық артып, армандаған ойымызға жетеміз. Сенің атыңнан киностудия ИП ашамыз, Олжасты емдейік" деп ерекше, сондай бір тонмен айтты. Маған қызық көрінді. Жарайды деп, өтірік, дымбілместің рөлін ойнап, көрейінші деп жүрдім. Бірақ қай жерге дейін барады екен деп барлық ақпаратты жинап жүрдім", – деді Дархан Мұсаев.