Шерхан Қалмұрза өзіне қымбат сыйлығын жақын адамына сыйлады (ФОТО)

Шерхан Қалмұрза өзіне қымбат сыйлығын жақын адамына сыйлады (ФОТО)

фото: ашық дереккөзден

Жас қазақ қақпашысы Шерхан Қалмұрзаның спорттағы жетістіктерінде оның атасының еңбегі ерекше, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Дәл сол кісі Шерханға тек спортта ғана емес, өмірде де нағыз тәлімгер әрі ақылшысы болды. Атасының мейірімі мен өмірлік тәжірибесі немересін алға жетеледі. Біз осы қасиеттері оның болашақта биік белестерді бағындыруына және Қазақстанның атын әлемдік футбол аренасында танытуына көмектеседі деп сенеміз.

Жас спортшы өз жетістіктерін отбасына арнап отырады. Соның бір дәлелі – ол жақында Тибо Куртуаның жейдесін өзіне ең қымбат жан – атасына сыйға тартты. Өйткені дәл осы жан бала кезінде Шерханды жаттығуға тасып, спортқа деген сүйіспеншілігін оятқан еді.