Қазақ қызы әлем чемпионатының алтын медалі үшін белдесті

Қазақ қызы әлем чемпионатының алтын медалі үшін белдесті

фото: ijf.org. Суретте: Дана Әбдірова

Перу астанасы Лимада дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды. Бұл сында Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Дана Әбдірова финалға дейін жетті. Жартылай финалда ол Бразилия спортшысы Джиованна Андрадені айқын басымдықпен жеңіп, шешуші белдесуге жолдама алды.

Ал финалда қазақстандық дзюдошы Жапония өкілі Мио Шираканеге есе жіберіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.