фото: sportinside.kz коллажы
Талдықорғандық "Жетісу" футбол клубының бас бапкері Самат Смақов "Қайраттың" жас қақпашысы Шерхан Қалмұрза туралы пікір білдіріп, жас ойыншыларға артық назар мен қысымның зияны жайында айтты, деп Sportinside.kz тілшісі ASnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Үлкен буынның өкілі ретінде онымен сөйлесуге тырысамын. Шынымды айтсам, мен оған баспасөзге сұхбат бермеуді, түрлі телебағдарламаларға бармауды кеңес еттім – ол әлі жас. Мысал ретінде айтайын: Сейдахметті "Уфаға" ауысқан кезде нақты "жойып жіберді". Сол сәттен бастап бәрі Еркебұлан туралы жаза бастады – "Еркебұлан дәретханаға кетті", "Еркебұлан кока-кола сатып алды", "Еркебұлан мынаны істеді" деп. Соның салдарынан үлкен талант жойылды", – деді Смақов.
Бапкердің айтуынша, жас ойыншыларға артық көңіл бөліп, ерте мақтау – олардың дамуына кері әсер етуі мүмкін.
"Қазір керісінше, оларға қысым көрсетпей, қолдау көрсету керек. Олар әлі ештеңе жеңіп алған жоқ, сондықтан асыра мақтаудың қажеті жоқ. Бір ұрпақты бір сәтте жоғалтып алуымыз мүмкін", – деп қосты ол.
Еске сала кетсек, 18 жастағы Шерхан Қалмұрза биылғы маусымда "Қайраттың" негізгі құрамында дебют жасап, тіпті мадридтік "Реалға" қарсы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде де алаңға шыққан болатын.