фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images. Суретте: Тагир Уланбеков
Ресейлік танымал аралас жекпе-жек шебері Тагир Раджабұлы Уланбеков – жеңіл салмақтағы UFC лигасының үздіктерінің бірі. 1991 жылы 8 шілдеде Дағыстанның Казбек ауданындағы Дылым ауылында дүниеге келген спортшы – ұлты бойынша авар.
Ерте өмірі мен мансабының бастауы
Тагир кәсіби спорттағы жолын 2013 жылы бастады. Алғашқы кездесуін "Liga Kavkaz – Grand Umakhan Battle" турнирінде өткізіп, Магомеднур Агларовты жеңіп, аралас жекпе-жек әлемінде өз атын танытты. Бұдан кейін ол қатарынан 8 жеңіске қол жеткізіп, беделді турнирлерде шеберлігін дәлелдей түсті.
Алғашқы жеңілісі – Жалғас Жұмағұловтан
Уланбеков өзінің алғашқы және жалғыз жеңілісін қазақстандық мықты спортшы Жалғас Жұмағұловтан AMC Fight Nights Global чемпиондық белбеуі үшін болған кездесуде төрешілер шешімімен ұтылды. Бұл жеңіліс оны тоқтатпады, керісінше одан әрі дамуына түрткі болды.
Чемпиондық белбеулер мен UFC-дегі жекпе-жектер
Тагир Уланбеков GFC (Gorilla Fighting Championship) және AMC Fight Nights Global ұйымдарында наилегчайший (жеңіл) салмақта чемпиондық атаққа ие болды. Кейін әлемнің ең танымал промоушені – UFC-ге өтіп, өзін халықаралық деңгейде көрсете білді. Қазіргі уақытта UFC-дің жеңіл салмақтағы ресми рейтингінде 12-орынға ие.
Жекпе-жек мәнері және командасы
Тагирдің негізгі жекпе-жек стилі – жауынгерлік самбо, бұл оны жерде күресте ерекше қауіпті етеді. Ол "Eagles MMA" командасының мүшесі, бұл командада UFC-дегі атақты спортшылардың көбісі жаттығады.
Жетістіктері
- AMC Fight Nights Global – жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион
- Gorilla Fighting Championship (GFC) – жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион
- Жауынгерлік самбодан әлем чемпионы