Қаралы хабар: Қазаққа танымал композитор қайтыс болды (ФОТО)

Қаралы хабар: Қазаққа танымал композитор қайтыс болды (ФОТО)

фото: ашық дереккөзден

КСРО-ның танымал композиторы Юрий Чернавский 77 жасында өмірден өтті. Музыканттың қазасы туралы хабарды оның отбасы Facebook желісіндегі (Ресейде тыйым салынған әлеуметтік желі) парақшасында жариялады.

"Біздің сүйікті күйеуіміз, әкеміз және атамыз – Юрий Чернавский өмірден озды. Ол – талантты да дарынды композитор, оның музыкасы бүгінге дейін орыс эстрадасында шырқалып келеді", – деп жазды отбасы мүшелері.

Туыстары Юрий Чернавскийдің қазасына терең қайғырып, оны таныған барша адамнан композитордың жарқын бейнесін естен шығармауды өтінді. Сондай-ақ олар қоштасу рәсімі мен жерлеу уақыты туралы кейінірек хабарланатынын айтты.

Айта кетейік, Юрий Чернавскийдің қаламынан шыққан ең танымал туындылардың бірі – "Здравствуй, мальчик Бананан" әні. Бұл туынды "Веселые ребята" тобымен бірге жазылып, кейіннен режиссер Сергей Соловьевтың "Асса" фильмінің басты саундтрегі ретінде қолданылған.

Admin
Admin
Автор