UFC-мен қоштасады деген Шавкат Рахмонов шұғыл мәлімдеме жасады

UFC-мен қоштасады деген Шавкат Рахмонов шұғыл мәлімдеме жасады

фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images. Суретте: Шавкат Рахмонов

UFC файтері Шавкат Рахмонов ұзақ үзілістен кейін алғаш рет әлеуметтік желіде жазба жариялап, келесі жекпе-жегіне қызу дайындалып жатқанын хабарлады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Қазақ жауынгері өзінің жазбасын 5 қазан күні Х (бұрынғы Twitter) желісінде жариялаған.

"Күн сайын бар күшімді жаттығуға жұмсап жүрмін. Жақында октагонға ораламын. Тағы да жекпе-жекке шығатын сәтті асыға күтіп жүрмін", – деп жазды Рахмонов.

Айта кетсек, соңғы уақытта әлеуметтік желі мен кейбір БАҚ-та Шавкат Рахмонов жарақат алып, UFC ұйымымен қоштасады деген ақпарат тараған болатын.

Бұған дейін ағылшынтілді Twitter парақшаларында "қазақстандық файтер тізесін жарақаттап алған, сондықтан алдағы айларда жекпе-жекке шықпайды" деген хабарламалар жарияланған еді.