Қазақ боксшылары әлем чемпионатынан кейін сыйақысыз қалды

Қазақ боксшылары әлем чемпионатынан кейін сыйақысыз қалды

фото: Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Айбек Оралбай

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Sports.kz сайтына берген сұқбатында World Boxing ұйымы әлем чемпионатында жүлделі орын алғандарға сыйақы берген-бермегені туралы айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Жоқ, World Boxing тарапынан ешқандай сыйақы болған жоқ", – деді маман.

Еске сала кетсек, Англияның Ливерпуль қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында (World Boxing нұсқасы бойынша) Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Біздің боксшылар жеті алтын, бір күміс және екі қола медаль иеленді.