"Боқтаймын, шаршаймын, ашуланамын": Назым Қызайбай ел естімеген шындығын айтты (ВИДЕО)

"Боқтаймын, шаршаймын, ашуланамын": Назым Қызайбай ел естімеген шындығын айтты (ВИДЕО)

фото: Нұрғали Жұмағазы, Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Суретте: Назым Қызайбай

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Назым Қызайбай жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Иә, мен спортшымын. Чемпион болуға, мықты болуға тырысамын. Адамдар мені тек жеңіс пен нәтижелер арқылы таниды. Бірақ мен тек медаль мен кубок емеспін. Мен – тірі жанмын. Кейде мен ашуланамын, кейде шаршаймын. Кейде мен боқтаймын немесе ешкімге ұнамайтын нәрселерді жасаймын. Бірақ бұл мені жаман етпейді. Бұл мені – адам етеді. Мен өзімді жақсы көруге, қателесуге, демалуға, тіпті ештеңе істегім келмеген сәттерге де құқылымын. Иә, мен спортшымын. Бірақ ең бастысы – мен тірі, шынайы адаммын. Ал мінсіз болмау – бұл да қалыпты", – деп жазды Назым Қызайбай.