Головкин рұқсат бермеді: Ұлттық құрама тағдыры қыл үстінде тұр

Головкин рұқсат бермеді: Ұлттық құрама тағдыры қыл үстінде тұр

фото: Спортты дамыту дирекциясы. Суретте: Санжар Тәшкенбай

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Sports.kz сайтына берген сұхбатында жыл соңына дейін команда қай жарыстарға қатысатынын айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"15-22 қараша аралығында Қазақстан құрамасы Үндістанның Нью-Дели қаласында өтетін Әлем кубогының үшінші, қорытынды кезеңінде өнер көрсетеді. Ал IBA (Халықаралық бокс қауымдастығы) ұйымдастыратын әлем чемпионатына қатысу мәселесі бойынша әзірге нақты шешім қабылданған жоқ", – деді бапкер.

Айта кетейік, 2025 жылғы ерлер арасындағы IBA әлем чемпионаты 2-13 желтоқсан аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтеді. Бұл турнир тарихтағы ең үлкен жүлде қоры бар жарыс болмақ – жалпы сыйақы көлемі 8 миллион доллар. Әр салмақ дәрежесіндегі жеңімпаз 300 мың доллардан алады.