"Қайратқа" тарихи жеңісті сыйлаған Темірланға көлік сыйлады (ВИДЕО)

"Қайратқа" тарихи жеңісті сыйлаған Темірланға көлік сыйлады (ВИДЕО)

фото: sportinside.kz коллажы

Алматылық "Қайрат" футбол клубын УЕФА Чемпиондар лигасына алып шыққан қақпашы Темірлан Анарбеков темір тұлпар иесі атанды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бүгін белгілі болғандай, команданың екінші нөмірлі қақпашысы Темірлан Анарбековке еліміздегі белгілі компаниялардың бірі автокөлік сыйлады.

Еске салайық, Темірлан Анарбеков Шотландияның "Селтик" клубына қарсы сенсациялық кездесудің басты қаһарманы атанған. Ол матч кезінде үш пенальтиді қайтарып, "Қайратқа" тарихи жеңіс сыйлады. 

Сондай-ақ танымал кәсіпкер, "Shoqan" ерлер киім брендінің негізін қалаушы Ұлықбек Шарипов "Қайраттың" 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға көлік сыйлаған еді.