"Бұл тағдыр шығар": Сабина Алтынбекова "Қайраттың" қақпашысына үндеу жасады

"Бұл тағдыр шығар": Сабина Алтынбекова "Қайраттың" қақпашысына үндеу жасады

фото: sportinside.kz коллажы

Қазақ волейболшысы Сабина Алтынбекова алматылық "Қайрат" клубының қақпашысы Шерхан Қалмұрза жайлы спорт функционері Алтай Даумовтың пікіріне өз реакциясын білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бұған дейін Қалмұрза мадридтік "Реалға" қарсы ойында (0:5) өнер көрсетіп, көпшіліктің назарын аударып, Instagram-да ең танымал қазақ футболшысына айналды. Тіпті бір кәсіпкер Шерханға қымбат көлік сыйлаған еді.

Алтай Даумов әлеуметтік желіде: "Жігітті жолдан тайдырып отырсыздар. Ол әлі ештеңеге қол жеткізген жоқ, керемет нәтиже көрсеткен жоқ. Тек өз міндетін орындады. Мен оның қадірін төмендетпеймін, бірақ неге қарапайым 18 жастағы жігітті осылай даңққа бөлейсіздер, ол тек негізгі қақпашылар жарақат алған соң ғана клубтың жалғыз үміті болды", – деп жазды.

Сабина Алтынбекова Instagram арқылы осы пікірге жауап беріп, Қалмұрзаға өз ниетін білдірді.

"Мұндай пікір білдірушілер көп болады, қолдау көрсету орнына осылай айтады. Назар аударма, ештеңе де жайдан-жай болмайды. Бұл жоғарыдан берілген тағдыр. Алға, Шерхан! Еңбек пен төзімділік шыңдарға шығарады", – деп жазды Сабина.