Шерхан Қалмұрза әлем мықтыларын шаң қаптырып, тарихқа енді

Шерхан Қалмұрза әлем мықтыларын шаң қаптырып, тарихқа енді

фото: instagram.com/thibautcourtois

Алматылық "Қайрат" клубының жас қақпашысы Шерхан Қалмұрза биылғы Чемпиондар лигасында сейвтер саны бойынша үздік үш қақпашының қатарына енді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Топтық кезеңнің екі ойынында 18 жастағы Шерхан өз қақпасын 11 мәрте құтқарып, рейтингте үшінші орынға жайғасты. Одан жоғары тек марсельдік «Олимпиктің» қақпашысы Херонимо Рульи (15 сейв) мен кипрлік «Пафос» командасының голкипері Неофитос Михаил (13 сейв).

Айта кетерлігі, бірқатар әлемдік жұлдыз қақпашылардың көрсеткіші Қалмұрзадан төмен. Мәселен, мадридтік «Реалдың» қақпашысы Тибо Куртуа 10-орында (8 сейв), «Челсидің» Роберт Санчесі 15-ші орында (6 сейв), ал «Барселонаның» қақпашысы Войцех Щенсны одан бір саты төмен (5 сейв). «Бавария» ардагері Мануэль Нойер небәрі үш соққыны қайтара алып, 31-орынды «Манчестер Ситидің» қақпашысы Джанлуиджи Доннаруммамен бөлісіп тұр.

Еске салайық, Чемпиондар лигасының алғашқы екі ойынында «Қайрат» сырт алаңда жеңіліс тапқан еді.