Шерхан Қалмұрзаның Шерхан Мұртазаға қандай қатысы бар: Әкесі кім, қайда тұрады?

Шерхан Қалмұрзаның Шерхан Мұртазаға қандай қатысы бар: Әкесі кім, қайда тұрады?

фото: Alash.kz коллажы

"Қайрат" клубының қақпашысы Шерхан Қалмырзаның туған жері мен әкесі жайлы деректер жарияланды, деп Sportinside.kz тілшісі Alash.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Журналист Оралхан Дәуіттің мәліметінше, жас қақпашы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген. Ата-анасы ертеректе ажырасып кеткен.

Шерханның әкесі – Елдар. Ол жас кезінде боксқа ден қойып, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған. Кейін журналистика саласында еңбек еткен. Қазіргі уақытта Астанада тұрады.

Футболшыға "Шерхан" есімінің берілуі де кездейсоқ емес. Өйткені Жуалы – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Шерхан Мұртазаның туған жері. Осыған байланысты ел арасында Қалмырза мен Мұртаза әулетінің арасын туыстық та, жерлестік те байланыс жақындатады деген пікір айтылады.

"Жуалы жерінде дүниеге келген ұланға Шерхан деген есімнің де бекер қойылмағаны анық ғой. Жуалы – Шерағаңның туған жері. Лайым, Алла тағалам жас Шерханға бақ-береке берсін. Бабы да, бағы да келіскен спортшы болсын. Қазақтың туын көкте желбірете берсін", – деп жазды Оралхан Дәуіт.