Танымал журналист Гүлзина Бектас "Қайраттың" 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрза жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Гүлзина Бектас FaceBook желісіндегі ресми парақшасында Шерхан Қалмұрза туралы жазып, көпшіліктен жас қақпашының мансабына кедергі жасамауын сұрады.
"Шерханға көлік берді" деп жатыр. Құтты болсын! Шерханды ары-бері шақыртып, мазасын ала бермейік. Оның бағындырар белесі әлі алда: тынбай дайындалу керек. Тіл-көзден сақтасын, өзі-ақ мұндай көліктің жүзін алады", – деп жазды Гүлзина Бектас.
Еске салайық, кеше, 1 қазанда танымал кәсіпкер, "Shoqan" ерлер киім брендінің негізін қалаушы Ұлықбек Шарипов "Қайраттың" 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға көлік сыйлаған еді.
Сондай-ақ әлеуметтік желіде "Қайрат" командасының ойыншысы Дастан Сәтпаев пен қақпашы Шерхан Қалмұрзаның аналары туралы деректер жария болды.