фото: ашық дереккөзден
Әншілікке бет бұрған Мөлдір Мұқанова енесімен қарым-қатынасы туралы ашық айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.
Оның сөзінше, ол тұрмысқа шыққан сәттен бастап ене мен келін арасындағы түсініспеушіліктерге жол бермеуді мақсат еткен.
"Келін болып түскен күннен бастап өз өзіме сөз берген едім. Ене мен келіннің арасында болатын келеңсіз дүние менде болмайды дедім. Сондай таза пейіл, таза көңілмен ақ босағаны аттадым. Енемді өз анамдай көремін дедім. Әлі күнге дейін қарым-қатынасымыз жақсы, ешқандай арамызда түсініспеушілік болған емес", – деді ол.
Сондай-ақ, Мөлдір енесімен бірге тұрмағанын атап өтті. Өзі мен Тұрсынбек қалада тұрғандықтан, енесі қара шаңырақта кенже баласының қолында қалған.
Желі қолданушылары Мұқанованың сөздеріне жылы пікір білдіріп, оның ақылды әрі парасатты келін екенін жарыса жазды.