фото: ашық дереккөзден
Актер Дәурен Айдарқұлов үшінші мәрте шаңырақ көтеріп, көпшілікке жаңа жары жайлы айтты.
Ол сүйіктісіне бриллиант сақина сыйлағанын ерекше ықыласпен жеткізді.
"Болашақ әйеліңе үйленуге ұсыныс жасау – ең жауапты іс. Ал жүректерді біріктіретін сақинаның әдемі болуы әрі оның өзіне арнап жасалғаны маңызды. Мен қазіргі әйеліме бриллиант сақина сыйладым. Арнайы зергерлік студиясында соқтырдым. Гауһартастардан жасалған әшекейлер керемет, көпшілік үшін де қолжетімді екен. Бриллиант – әйелдің ең жақын досы. Айтпақшы, әйелімнің есімі – Жұлдыз", – деді Айдарқұлов.
Әлеуметтік желі қолданушылары актерге ізгі тілектерін арнап, бақыт тіледі. Дегенмен кейбіреулер оның бірнеше баласы бола тұра, үшінші рет отбасын құруын сынға алды.