фото: ашық дереккөзден
Әлеуметтік желіде әнші Мақпал Жүнісова мен актер, әзілкеш Қайрат Әділгерейдің арасындағы қызықты сәт түсірілген бейнежазба тарады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Кадрлардан Қайрат Әділгерейдің Мақпал Жүнісованың дауысын салып, күлкісіне пародия жасағанын көруге болады. Алайда әнші мұндайға бірден жауап беріп, әзілкешті орнына қойған.
– "Сала алмасаң, мүлде салмау керек. Ал егер салсаң, дұрыс шығару қажет. Мен сияқты күле алмайсың ба, онда күлме!" – деп қатаң ескерту жасады Жүнісова.
Желі қолданушылары бұл оқиғаға белсенді пікір білдірді. Бірі Мақпалдың сөзін қолдап, "Қайраттың кей әрекеттері расымен ерсі", "Жырбыңдап жүрген еді, жақсы болды", "Мақпал дұрыс айтты", – десе, енді бірі "Сайқал күлкі деп қояды", "Сайқымазаққа лайықты жауап болды" деп жазды.
Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыздар.