Бибосынов пен Дусматов қашан жекпе-жек өткізетіні белгілі болды

Бибосынов пен Дусматов қашан жекпе-жек өткізетіні белгілі болды

фото: olympic.kz. Суретте: Сәкен Бибосынов пен Хасанбой Дусматов

Қазақ боксшысы Сәкен Бибосыновтың алдағы жекпе-жегіндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Қазақстан құрамасының мүшесі өзінің екінші кәсіби айқасында қырғыз боксшысы Әділет Качкынбековпен қолғап түйістіреді. Турнир Қырғызстан астанасы Бішкекте 25-26 қазанда Saikou Lush промоутерлік компаниясының аясында өтеді.

Качкынбеков кәсіби бокстиа тоғыз жекпе-жек өткізіп, оның үшеуінде жеңіске жеткен, алтауында жеңіліп қалған.

Еске сала кетейік, Сәкен Бибосынов өзінің дебюттік кездесуін 20 шілдеде Бішкекте өткізіп, филиппиндік Кристиан Леганені алғашқы раундта ауыр нокаутқа жіберген болатын.

Айта кетейік, осы бокс кешінде Сәкен Бибосыновпен бірге өзбек спортшысы Хасанбой Дусматов та өнер көрсетеді.