"Реал" шошып жатыр: "Қайраттың" әжетханасы жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

30 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Reuters

Бүгін Алматыда Чемпиондар лигасы аясында "Қайрат" өз алаңында мадридтік "Реалды" қабылдайды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Ойын алды баспасөз мәслихатына шетелдік БАҚ өкілдері қатысты. Солардың бірі Орталық стадионның баспасөз орталығындағы әжетхананың жағдайын видеоға түсіріп, өзінің Telegram-арнасында жариялаған. Кадрлардағы тым ескі күйдегі нысан оны қатты таңғалдырған. 

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турындағы матч бүгін Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Бұл Испания алпауытының Орталық Азияда өткізетін алғашқы ойыны болмақ. 

Испаниялық Marca басылымы Алматының "Қайраты" мен Мадридтің "Реалы" арасындағы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі ойынға болжамды құрамдарды ұсынды.

Тэгтер:

футбол Қайрат Чемпиондар лигасы Реал