фото: "Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі. Суретте: "Қайрат" футбол клубы
Испаниялық Marca басылымы Алматының "Қайраты" мен Мадридтің "Реалы" арасындағы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі ойынға болжамды құрамдарды ұсынды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
"Қайраттың" құрамы: Шерхан Қалмырза, Еркін Тапалов, Александр Мартынович, Егор Сорокин, Луиш Мата, Дамир Қасабулат, Офри Арад, Александр Мрынский, Жоржиньо, Валерий Громыко, Дастан Сәтпаев.
"Реалдың" құрамы: Тибо Куртуа, Рауль Асенсио, Дин Хейсен, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Федерико Вальверде, Эдуарду Камавинга, Джуд Беллингем, Франко Мастантуоно, Родриго, Килиан Мбаппе.
Еске сала кетсек, "Қайрат" – "Реал" матчы Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Кездесу жергілікті уақыт бойынша сағат 21:45-те басталады.