Сүйінші, ағайын! Тағы бір әлем чемпионына көлік кілті табысталды (ФОТО)

Сүйінші, ағайын! Тағы бір әлем чемпионына көлік кілті табысталды (ФОТО)

фото: instagram.com/ sko_akimdik. Суретте: Наталья Богданова

Бокстан әлем чемпионы Наталья Богдановаға сый-құрмет көрсетіліп, көлік кілті табысталды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Шара кезінде облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов спортшыны зор жетістігімен құттықтап, ал оның жаттықтырушысы Дастан Кабденовке кәсіби біліктілігі мен қажырлы еңбегі үшін алғысын жеткізді.

"Бүгін біз өңіріміздің нағыз мақтанышы – әлем чемпионы Наталья Богдановаға салтанатты түрде құрмет көрсетілді. Натальяның таланты, табандылығы мен жанкешті еңбегі, сондай-ақ оның жаттықтырушысы Дастан Кабденовтың кәсібилігі мен өз ісіне деген адалдығының нәтижесінде, еліміздің көк байрағы халықаралық аренада биікке көтерілді. Бұл жеңіс – жас спортшылар үшін үлкен үлгі әрі өңірімізде бұқаралық спортты дамытуға жаңа серпін беретін қозғаушы күш. Натальяның отбасы мен жақындарына шын жүректен алғыс айтамын! Бұл – үлкен жолдың бастауы ғана. Алда Наталья мен Дастанды әлі талай асулар күтіп тұр. Сәттілік тілеймін!" – деді Гауез Нұрмұхамбетов.

Кездесу барысында әлем чемпионына жаңа автокөліктің кілті табыс етілсе, бапкері Дастан Қабденовке 3 миллион теңгенің қаржылай сертификаты тапсырылды.