Бокстан еліміздің қай өңірінен чемпиондар көп шыққаны мәлім болды

Бокстан еліміздің қай өңірінен чемпиондар көп шыққаны мәлім болды

фото: instagram/boxingkazakhstan. Суретте: Төрехан Сабырхан

Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мұтәліп еліміздегі бокстан ең алдыңғы қатарлы аймақты атады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

– Қазақстанда қай аймақ бокстан ең мықты? Сіздер талдау жасайсыздар ма? Арнайы рейтинг бар ма?
– Соңғы әлем чемпионатына қарасақ, Астанадан бізде екі әлем чемпионы шықты – Айбек Оралбай мен Санжар Тәшкенбай. Шымкенттен – ағайынды Сабырхандар. Қарағандыдан – бір чемпион қыз, Алматыдан – Алуа Балқыбекова, Солтүстік Қазақстаннан – Наталья Богданова. Жалпы он жүлдегердің бесеуі Алматыдан. Бұл – бір алтын, бір күміс және бір қола. Олар: Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова, Елдана Тәліпова және Виктория Графеева. Әр аймақта мықты боксшылар бар, бірақ қазір чемпиондардың көбі Шымкенттен шығып жатыр.

Айта кетейік, тарихта алғаш рет өткен World Boxing әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді. Қоржынымызда – жеті алтын, бір күміс және екі қола медаль.