Олимпиада алтынын аламыз ба? Бокс федерациясының президенті тосын мәлімдеме жасады

Олимпиада алтынын аламыз ба? Бокс федерациясының президенті тосын мәлімдеме жасады

фото: видеодан скриншот

Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп "Jibek Joly" телеарнасындағы "Уәде" бағдарламасына берген сұхбатында алдағы 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына дайындық жайлы айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Бізде талантты жастар өте көп, бокстың әлеуеті зор. Өз тарапымнан алтын болады деп уәде бермей-ақ қояйын. Бірақ, алтын алатын деңгейге жетуі үшін барлық жағдай жасап, боксшыларымызды дайындап апарамыз деп уәде беремін. Ол жерде "бақ шаба ма, бап шаба ма", енді ол тек дайындыққа байланысты емес. Түрлі себебі болады, – деді ол.

Федерация басшысы Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшылардың басты мақсаттарының бірі – жеңіс тұғырынан көрініп, ел абыройын асқақтату екенін атап өтті.