фото: hcbarys.kz. Суретте: "Барыс" хоккей клубы
Астаналық "Барыс" өз мұз айдынында ҚХЛ-дың кезекті ойынында Владивостоктың "Адмирал" командасын қабылдады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Бас бапкер Михаил Кравец келесі құрамды жасақтады: Шил (Шутов) – Маккошен-Данияр, Симонов-Өмірбеков-Савицкий; Масси-Уолш, Ғалымов-Морелли-Веккьоне; Бекетаев-Бреус, Логвин-Шайхмедденов-Қайыржан; Кәрімов, Колесников-Ляпунов-Волков.
Алғашқы кезеңде шайба соғылмады. Екінші кезеңде Мэйсон Морелли мен Всеволод Логвин "Барыс" клубын алға шығарды. Соңғы жиырма минутта астаналықтар басымдығын арттырып, ойынды 3:0 есебімен аяқтады.
Келесі ойында "Барыс" 1 қазан күні Ярославльдің "Локомотивін" қабылдайды.