фото: "Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі. Суретте: "Қайрат" футбол клубы
Футбол жанкүйерлері Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі "Қайрат" – "Реал" ойынын тікелей эфирде тамашалай алады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Бұл ойынды "Qazsport" және "Qazaqstan" арналарынан тікелей эфирде көруге болады.
Еске сала кетейік, "Қайрат" Чемпиондар лигасының 1-турында сырт алаңда "Спортингтен" 1:4 есебімен ұтылды. Ал "Реал" өз алаңында "Марсельді" 2:1 есебімен жеңді.
Сондай-ақ Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері алдағы турларда "Арсенал", "Интер", "Брюгге", "Копенгаген", "Олимпиакос" және "Пафоспен" кездеседі.